
Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттарды ұсыну барысы туралы жаңа мәліметтерді жария етті.
10 наурыз күні президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынған тағы бір үміткер белгілі болды.
Ол Астана қаласында 1961 жылы дүниеге келген «Тұран-Астана» университетінің оқытушысы Құрсабаев Мұхамедрахим Қадырбайұлы.
Президенттікке кандидаттар саны 15-ке жетті. Олар: Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы, Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы, Джунисбеков Якобжан, Естемесов Бахтияр Өксікбайұлы, Жұман Қанат Тоқтарұлы, Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, Қойшиева Лимана, Құрсабаев Мұхамедрахим Қадырбайұлы, Маишев Қайрат Әлембайұлы, Мырзашов Сухраб Аминжанұлы, Cерғазин Ержан Мерекеұлы, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы, Сырғабаев Асқар Жорабайұлы, Турагелдиев Қанат Сбашұлы, Үктешбаев Есенбек Жапарұлы.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз кандидатурасын әзірге ұсынған жоқ.
По сообщению сайта Nur.kz