Top Gear бағдарламасының жүргізушісі эфирден уақытша аластатылды

0
452
5
Атышулы Джереми Кларксон көліктер туралы бағдарламаны уақытша жүргізбейді. Бұған Кларксонның Top Gear продюсерімен төбелесі себеп болды. Осыған байланысты бүкіл әлемдегі көрермендердің көзайымына айналған Top Gear бағдарламасының 3 шығарылымы алдыңғы апталарда эфирге шықпауы мүмкін. Әзірге BBC арнасы да, Кларксонның өзі де бұл жағдайға қатысты тұшымды түсініктеме берген жоқ. Top Gear – дүние жүзіндегі 200 елге таратылатын және көрермендер саны жөнінен Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген танымал деректі шоу.

Источник: http://24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз