Алматыда түнгі клубта болған төбелестен 37 жастағы ер адам қаза тапты

0
477

tungi_kulbatar1

2015/03/11   Жаңалықтар   Пікір жазу   3 Рет

Алматыда түнгі клубтардың бірінде төбелес орын алып, бір адам көз жұмды деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы «Куәгер» бағдарламасы.

Оқиға Медеу ауданында орын алған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, түнгі клубқа келген адамдардың арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан.

Нәтижесінде 37 жастағы ер адам абайсызда жерге басымен құлап, оқиға орнында көз жұмды.

Дәрігерлер марқұмның өлімін ашық ми жарақатынан болған деген қорытындыға келді. Қазіргі таңда ІІБ-ның қызметкерлері оқиғаның анық-қанығын тексеруде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз