Оралда полиция 60-тан астам жеткіншекті құрықтады

0
403

2

Оралда полиция 60-тан астам жеткіншекті жаппай төбелеске қатысы бар деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы УН басылымына жеткіншектердің ата-аналары мен туысқандары хабарлады.

Олардың айтуынша, 10 наурызда кешкісін патрульді полиция жасағы себебін түсіндірмей 14-18 жастағы жеткіншектерді ұстап Орал қаласының Ішкі істер басқармасына жеткізген.

Жеткіншектердің көбі сағат 16.00 ден 19.00-ге дейінгі аралықта полицияға жеткізілген.

Редакцияға хабарласқан Нүргүл есімді әйелдің сөзіне сәйкес, Орал қаласының Ішкі істер басқармасының алдына сағат 22:00-де баласы полицияда отыр деген хабар жеткен ондаған ата-аналар жиналған.

«Полиция қызметкерлері бізде тұрып жатқан менің немере інімді ұстаған. Мен ол жайлы кешкісін, немере інімнің анасы, әпкем хабарласқанда ғана білдім. Ол Жәнібек жақта тұрады. Әпкеме ұлы қоңырау шалып, қамауда отырғандығын айтқан. Мен бірден сол жерге бардым. Ол жерде мен сияқты ештеңе түсіне алмай жүрген ата-аналар көп болды. Кезекші бөлімнің полиция қызметкері барлық жеткіншектерді автопарк көпірінің аймағында сол күні болған жаппай төбелеске қатыстары бар деген күдікпен ұстап отырғандарын, аталмыш төбелесте екі жеткіншек пышақ жарақатын алғанын айтты», — дейді Нүргүл.

Полиция қызметкері барлық жеткіншектерді автопарк көпірінің аймағында сол күні болған жаппай төбелеске қатыстары бар деген күдікпен ұстап отырғандарын, аталмыш төбелесте екі жеткіншек пышақ жарақатын алғанын айтты

Кейін бұл ақпарды Орал Ішкі істер басқармасының алдына жиналған жұртшылықты байқаған өзге де адамдар растады. 10 наурызда кешкісін барлық дерлік жеткіншек босатылып, үйлеріне қайтты.

Алайда, бұл мәліметті полицияның өзі растамай отыр. Орал Ішкі істер басқармасының басшысы Манарбек Ғабдуллин ешқандай жаппай төбелестің және жеткіншектерді қамауға алудың орын алмағандығын мәлімдеді.

«Ол кеште қызметкерлер Ішкі істер басқармасына сағат кешкі 22:00-де көшеде ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жеткіншектерді жеткізген. Сіздердегі ақпар қате», – деді Манарбек Ғабдуллин.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз