Екі қоянды бір оқпен атқыңыз келсе, Индонезиядан үй сатып алыңыз

0
39
Естімеген елде көп. Индонезияда үйін саудаға шығарған әйел онымен қоса өзін де сатып алуды ұсынды. Екі жатын бөлмесі бар кең үй небәрі 76 500 АҚШ доллары тұрады. Үйдің ауласында балықтар өсірілетін тоған да бар. Бірақ мұндағы басты шарт – оны сатып алатын адам осы жылжымайтын мүліктің иесіне үйленуі тиіс. 2000 жылы жесір қалған Вина Лиа бастапқыда үйді сатып жібермек болған. Бірақ оны саудаға шығаруға ұйғарған кезде әйелдің тағы да тұрмыс құрғысы келетнінін естіген оның риелтор досы Вина Лиаға осындай айрықша идеяны айтыпты. 40 жастағы Вина Лиамен түтін тұтатуға бел буған адам бұрын үйленбеген және мұсылман болуы да шарт екен.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз