Елбасы: Кеңес Одағында бізді төмпештедi, тiлiмiздi, дiлiмiздi тартып ала бастады

0
49

Астанада  «Нұр Отан» партиясының кезектi XVI съезi аяқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақтарды елiмiздегi өзге ұлттарды ұйыстыра отырып, олармен тату, ауызбiрлiкте өмiр сүруге үндедi.

Елбасы: Кеңес Одағында бізді төмпештедi, тiлiмiздi, дiлiмiздi тартып ала бастады
«Мемлекет құраушы ел ретiнде қазақ халқына айрықша жауапкершiлiк жүктелiп отыр. Қазақтар жаңа Қазақстанның болмысын қалыптастыруда барша ұлыстарды ұйыстырушы рөлге ие. Ендi көпұлтты, көпэтникалық ел болғанымызға кiм айыпты? Олардың жазығы бар ма? Бiз өзiмiз де Кеңес Одағында солардың бiреуі болдық. Төмпештедi, тiлiмiздi, дiлiмiздi тартып ала бастады, солар сөйттi екен деп, бiз де соны жасауымыз керек пе? Онда бiздiң халқымыздың кемеңгерлiгi, кеңшiлiгi қайда, егер де солай жасайтын болсақ, өзiмiздiң қазақтығымыздан да айырылып қаламыз», – дедi елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл саясатты қазақтың ұлттық сипатын сақтап, дамытудың, елiмiздiң қазақы болмысының басты факторы деп санау керек.

«Мен мына жерде бекер отырған жоқпын, бәрiн көрiп-бiлiп отырмын. Қазiрдiң өзiнде де орысша сөйлеп отыр деп айтатын ағайындар бар. Мен екi тiлде сөйлейтiн елбасының бiрен-саранымын. Түркияда олай сөйлей алмайды, себебi жүз пайыз халқы түрiктер, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресейде де солай. Менiң халқым – мына делегаттардың iшiнде жиырма бес ұлттың өкiлдерi отыр. Бiз халқымыздың ешбiрiнiң көңiлiне қаяу салмай, тек алға жылжитын болсақ, қазақтың болашағы жарқын болады», – деп түйіндеді президент.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз