Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғыдай жас еместігін айтты

0
414

Бүгін делегаттардың, қоғам қайраткерлерінің ізгі ілтипатын тыңдап отырған Нұрсұлтан Назарбаев Алла мен халқының берер қуатының арқасында Қазақстан әлі талай жұмыс атқаратынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғыдай жас еместігін айтты
Мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков пен Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның сөзін тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев сәл кейінірек айтылып жатқан ұсыныстарды ескеріп, өз ойын айтатынын мәлім етті.

«Ақын қызымыздың да сүйектен өтер жалынды ұраны керемет. Осының барлығы көп күш-қуат береді. Әрине, кейінірек өз ойымды айтамын. «Баяғыдай жас емеспіз» деуге де болар еді, бірақ, Алланың берген қуаты мен Сіздердің қуаттарыңызбен бірге талай жұмыстарды атқарармыз», – деді сөз арасында Назарбаев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз