Алматылық жезөкше өзін зорлағаны үшін танысын сотқа берді

0
45

 

Алматыда полицияға әйел адам танысының күш көрсетіп, зорлағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Алматылық жезөкше өзін зорлағаны үшін танысын сотқа берді
Оқиға Манасов көшесінің бойында орналасқан жеке үйлердің бірінде орын алған. Үй иесі түнгі қонағымен бірге ішімдік ішіп, соңында ұрысып қалған.

Ер адамның айтуынша, әйелді ұрып, зорлау ойында болмаған. Бұл оқиғаны көңілдесі ойлап шығарған дегенді алға тартып отыр.

«Маған күш көрсетіп, жыныстық қарым-қатынасқа түсті. Одан қалды, ұрды. Не үшін ұрғанын білмеймін. Мен жезөкшелікпен айналысамын», – деді жәбірленуші.

Қазіргі таңда оқиғаның қалай болғанын тәртіп сақшылары тексеру үстінде.

Источник: Алматы ТВ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз