ҰҚК-нің экс-қызметкері тапсырыспен кісі өлтіруді ұйымдастырғаны үшін айыпталды

0
379
ҰҚК-нің экс-қызметкері тапсырыспен кісі өлтіруді ұйымдастырғаны үшін айыпталды
Астанада Кәсіпкер Игорь Кудинді өлтірмек болды деп айыпталған 3 азаматқа қатысты сот үкімі шықты джеп хабарлайды Астана арнасы.Қылмысты ұйымдастырды деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік саласының бұрынғы қызметкері Айдын Алпысбаев 14 жылға сотталды. Тапсырысты орындаушы Сергей Логвиненко 12 жылға, ал Логвиненкоға қару жеткізді деп айыпталған Мұрат Хасенов 13 жылға бас бостандығынан айрылды.Үшеуі де жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Еске салайық, өткен жылдың наурызында Астана маңындағы Энергетик ауылында жеке кәсіпкер Кудинге шабуыл жасалған. Белгісіз біреу оған Макаров тапаншасынан үш рет оқ атады. Бірақ кәсіпкер аман қалып, күдіктілер кезекті қылмысты ұйымдастыру кезінде қолға түседі.

Тергеушілер қылмыстың тапсырыспен жасалғанын анықтады. Енді сотталушылар сот үкімімен келіспеген жағдайда 15 күн ішінде апелляциялық сотқа шағым түсіре алады.

«Жанама айғақтар пайдаланылды, тікелей дәлелдер жоқ. Қылмыс жасалған қару табылмады, өзге де күмәнді тұстар жеткілікті», — дейді сотталушы Хасеновтің қорғаушысы.

Сот үкімімен келіспеген қорғаушы Жоғары сотқа дейін шағымданамыз деп отыр.

«Келіспеймін, сот біздің қаншама талап-арыздарымызды қабылдамаған.  Дәлелдер заңсыз жиналған. Айғақтар дәлелденбеген. 10 мың долларға адам өлтіру — бұл күлкілі. Менің ойымша кінәсі дәлелденбеген», — дейді сотталушы Мұрат Хасеновтің қорғаушысы Бекентай Бөбербаев.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз