Ақтөбеде оқушы қызды зорламақ болған педофилге сот үкімі шықты

0
40
Ақтөбеде оқушы қызды зорламақ болған педофилге сот үкімі шықты
Ақтөбеде он жасар қызды зорламақ болған педофилге үкім шықты. Ол екі бірдей баппен кінәлі деп танылып, он бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.Қылмыскер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында, қаланың қақ ортасында болған еді.

Қаскөй әуелі сабақтан шығып, көше бойымен қайтып келе жатқан қыз баланың ұялы телефонын ұрламақ болған. Артынан ойы бұзылып, оқушының аузын жауып, қуысқа сүйрей бастапты.

Ақыры арам ойын жүзеге асырмақ болғанда жақын маңнан өтіп бара жатқан адам көріп қап, араша болған. Ол оқушы қызды дауысы шықпас үшін мойынынан қылғындырғанын айтыпты. Күдіктінің осы кезде мас болғаны анықталды.

«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен Халидуллин Талғат Мұхымжанұлы кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді», — деді Ақтөбе облыстық соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Гүлзия Мақсатқызы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ал жасөспірім осы оқиғадан кейін қатты шошынған көрінеді. Ата-анасы психологтың көмегіне жүгініпті.

По сообщению сайта Nur.kz

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз