WhatsApp арқылы банк шоттарына қауіп төндіретін вирус таралуда

0
367

pic_46ea640b912b39b4e2636a3da2ad6e30

WhatsApp мессенджерін пайдаланушылар кезекті хакерлік шабуылға ұшырады.

ESET антивирустық компаниясының мәлімдеуінше, қосымшаның веб-нұсқасы арқылы троян тарауда екен.

Киберқылмыскерлер электрондық пошталарға WhatsApp Web мессенджерінің 2015 жылы қаңтарда әзірленген десктоптық нұсқасын көшіріп алу ұсынысымен хаттар жолдайды.

Хатта WhatsApp-тың ресми сайтына апаратын сілтеме көрсетіледі. Алайда оған сенген пайдаланушылар ойдан шығарылған WhatsAppInstall.exe файлы жасырынған бетке өтіп, онда Win32/TrojanDownloader.VB.QRM троянның жүктелуіне жол береді екен.

Жүктеу кезінде компьютерге Win32/Spy.Banker.ABOD деп аталатын қауіпті бағдарлама көшіріледі. Ол, өз кезегінде, пайдаланушының онлайн-банкингтегі аутентификациялық мәліметтерін ұрлауға арналған «шпион» болып табылады.

Қазірде вирустың Бразилияда жасалғаны белгілі болды. Алайда кибершабуыл әлемдегі кез келген пайдаланушыға жасалуы мүмкін.
Bnews.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз