Қарағандылық оқушы есту қабілеті нашар және мүлдем естімейтін балаларға ағылшын тілін үйретудің жаңа бағдарламасын ойлап тапты. Әлия Амангелді бұл әлеуметтік жобамен Оңтүстік Кореяда өткен «Жас ғалым» халықаралық байқауында 2-орынды иеленді. Байқауға 40 елден оқушылар қатысқан. Қарағандыдан аттанып күміс жүлдегер атанған Әлия бірыңғай ұлттық тестілеуден босатылып, SolBridge халықаралық бизнес мектебіне емтихансыз қабылданып,ақысыз оқу мүмкіндігіне ие болды. 11 сынып оқушысыжобаны 2 жыл дайындаған. Әлия құлақтары нашар еститін және мылқау балалардың ағылшын тілін білуіолардың мүмкіндіктерін арттыра түсетінін айтады. Әлия Амангелді, №2 қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы: – Олар қол қимылдары арқылы тілдеседі. Осындай балаларға біз ағылшын тілін, әліппесін, санау жүйесін және түстердің атауын үйреттік. Бұл жұмыс Қазақстанда әлі дамымаған, енді осының арқасында біз жақсы жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.
Источник: http://24.kz