Мас депутатты «құтқармақ» болған прокурордың көмекшісі қызметінен қуылды

0
439

Жаңаөзен қаласы прокурорының көмекшісі «прокуратура органдары жұмысының беделін түсіргендігі үшін» жұмыстан шығарылды.

Мас депутатты
Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокурорының орынбасары Серік Ешатов хабарлады деп жазды lada.kz.

Бұған дейін бірнеше полиция қызметкері Жаңаөзен прокурорының көмекшісі мен уақытша бейімделу орталығының бас дәрігеріне депуттатың мас болғандығын теріске шығарған жалған қағаз жасады деп айып таққан болатын.

Бұл дау полиция қызметкерлер мас күйінде көлік жүргізген Жаңаөзен мәслихатының депутаты Байқұловты тоқтатқаннан кейін басталды.

Прокурор көмекшісі депутатты бізден алып кетпекші болды дейді полиция қызметкерлері. Кейін Байқұлов полицияның бұл айыптауына келіспейтіндігін мәлімдеген болатын.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз