«Союз ТМА-14М» ғарыш кемесінің аппараты қайтып оралуы межеленген мерзімде Қазақстан жеріне қонды. Оның бортында ХҒС экипажының үш мүшесі: ресейліктер – Александр Самокутяев, Елена Серова және NASA ғарышкері Барри Уилмор бар. Қысқа толқын дабылын қабылдаған құтқару қызметінің ұшағы капсуланың қону аумағын ыңғайлады. Аппарат жоспарланған ауданға қонды. Нақтырақ айтқанда, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтыққа түсті, деп хабарлады ТАСС. Аппарат қонған жерде іздестіру-құтқару тобы қызмет етті.
Источник: http://www.24.kz