Б.Обаманың күзетшісі мас күйінде көлікпен Ақ үйдің қоршауына соқты

0
581
4
АҚШ президенті жеке күзеті басшысының орынбасары Марк Коннолли қызметте айдайтын көлігімен резиденцияның қоршауына соққан. Қазір осы келеңсіз жайтқа байланысты Құпия қызмет тергеуді бастап та кетті. Коннолли әріптесі Джордж Огилви екеуі көңілді кештен мас күйінде қайтып келе жатып, көлікпен Ақ үйдің қоршауын зақымдағаннан кейін Құпия қызметтің қолына түскен. Артынша олар босатылған. Ал таяуда Б.Обама өз жеке қызметінің басшысы Джулия Пирсоннан бастап, бүкіл құрамын ауыстырған еді. Алайда Құпия қызметтің қазіргі директоры Джозеф Клэнсидің де басына бұлт үйіріле бастаған сияқты. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://www.24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз