Полицейлерге бағынбаған мәслихат депутатына қатысты іс қозғалды

0
407

 

Жаңаөзенде қалалық мәслихат депутаты Олжас Байқұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Депутат «Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету» бабы бойынша айыпталынып отыр.

Полицейлерге бағынбаған мәслихат депутатына қатысты іс қозғалды
Олжас Байқұлов

Бұл туралы жергілікті Лада басылымы хабарлайды.

Еске сала кетейік, ақпанның басында бірнеше полиция қызметкері Жаңаөзен прокурорының көмекшісі мен уақыташа бейімделу орталығының бас дәрігеріне ұсталған азамат Б.-ның мас болғандығын теріске шығарған жалған қағаз жасады деп айып таққан болатын.

Бұл дау полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізген азаматы Б.-ны тоқтатқанынан басталды.

Жүргізушіні құрықтауға қатысқан полиция қызметкерлері уақытша бейімделу орталығының бас дәрігері азамат Б.-ның  мас болғанын куәландырудан ұзақ уақыт кашқақтағанына, ақыры жасап берген қағазы кейін басқаға жасырын ауыстырлғанына шағымданып, прокуратураға арыз жолдаған.

Полицияның бұл айыптарымен келіспеген азамат Б. ақыры қарсылық білдіріп көпшілікке атын жария етті. Ол Жаңаөзен қалалық маслихат депутаты Олжас Байқұлов болып шықты.

Байқұловтың айтуынша, мұнай базасына ол досының Ақтауға жеткізіп салуын өтінгеннен кейін келген.

«Мен оянғанда әлі ерте болатын, сондықтан ұйықтап қалмас үшін мұнай базасына барып таңды күтуді шештім», – дейді депутат. Ол досына жетіп біраз мызғып алу ниетімен өнеркәсіптік базаны кесіп өтпекші болғанда сақшылар өтуге рұқсат бермеген. Депутат қарсылық білдірмесем де сақшылар полиция қызметкерін шақырған дейді.

Байқұлов әйелінің көлігін, жүргізу куәлігін алмай айдап келген екен.

«Полиция қызметкерлері істі жылы жабу үшін 300 мың теңге беруім керек деді. Менде тек 20 мың болды. Ол ақшаны берсем де болар еді, бірақ 300 мың тым көп», – деп жалғастырды Байқұлов.

Депутаттың сөзіне сенсек, полиция қызметкерлері ақша бермей қойғандықтан оны куәландыруға алып кеткен. Ал алкотестер нөлдік промилле көрстекенде, полиция қызметкерлері дәрігер мен депутатқа қоқан-лоқы көрсеткен.

«Олар мені есірткі тастап жібереміз деп қорқытты. Мен содан үрейленіп, жүргізушімнің көлігіне отырып кетіп қалдым. Олар артымнан қуды. Мен туысқанымның ауласына кіріп сигнал бере бастадым.  Содан кейін, патруль көлігімнің терезесін шағып, мені суырып шығарды да, соққыға жықты. Ұрып екі тісімді түсірді», – деді депутат.

Тек содан кейін Байқұлов прокурорды шақыруын талап етіп, көмекке келген прокурор депутатты үйіне қайтарған-ды.
Байқұлов бұл істі жай қалдырмайтынын және полицияға арыз бергендігін айтты.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз