Әшімбаев ортақ валюта туралы бастаманың болашағы жоқтығын айтты

0
101

Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізу туралы бастаманың болашағы жоқ. Мұндай пікірді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев білдірді.

Әшімбаев ортақ валюта туралы бастаманың болашағы жоқтығын айтты
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы бұл тақырыптың парламент қабырғасында талқыланбағанын айтады. Депутат  экономикалық одақтың ортақ валютадан бөлек шешімін талап ететін мәселелері жетерлік, дейді.

«Ресейде болған девальвацияға байланысты, олардың тауарларының біздің нарықтағы арзандығына байланысты, біздің тауарлардың бәсекелестігіне әсер ететін факторлар бар. Қазіргі заманда осыны талқылау керек, осыны шешу керек. Сондықтан қазіргі уақытта ортақ бір валютаны талқылау ешқандай перспективасы жоқ деп түсінемін өзім. Сондықтан тағы да айтатын мәселе, бұл сұрақ парламентте талқыланып жатқан жоқ, ешқандай бізде ақпарат жоқ. Біздің ойымыз сауда-саттықтың өзекте мәселелерін шешуіміз керек, бұл негізгі мақсат қазір», – деді Мәулен Әшімбаев.

Қазіргі уақытта ортақ бір валютаны талқылау ешқандай перспективасы жоқ деп түсінемін өзім. Сондықтан тағы да айтатын мәселе, бұл сұрақ парламентте талқыланып жатқан жоқ, ешқандай бізде ақпарат жоқ.

Айта кетейік, жуырда ақпарат құралдары Ресей президенті Владимир Путиннің үкімет пен Ресей орталық банкіне Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде валюталық одақ құру мәселесін бірлесе талқылап, ақша интеграциясы жөнінде 2015 жылдың қыркүйегіне дейін нақты ұсыныстар әзірлеу жөнінде тапсырма бергенін жазды.

Алайда, одақтың тағы бір мүшесі – Қазақстан – бұл мәселені күн тәртібіне шығарған жоқ.

Күн сайын құлдырап бара жатқан рубль валюталық одақ құруға мүлде тиімсіз.

Экономист Меруерт Махмұтова да осындай пікірде. Оның ойынша, ортақ валюта туралы Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің ұстанымы сәйкес емес.

«Кремльдің ортақ валютаны қалыптастыруға қатысты жоспарлары өте ауқымды болса керек. Яғни құлдырап бара жатқан рубльді Қазақстан, Белоруссия, одан қалды Арменияға ұсынуда. Меніңше, Қазақстан да, Белоруссия да бұл қадамға бармайды. Демек, өз ұлттық валюталарынан бас тартпайды. Елдің қаржы-несиелік саясатын ұлттық банк жүргізуі керек», – дейді экономист-сарапшы Меруерт Махмұтова.

Меніңше, Қазақстан да, Белоруссия да бұл қадамға бармайды. Демек, өз ұлттық валюталарынан бас тартпайды.

Ол валюталық одақ құру – Ресей тарапынан жасалып отырған ұсыныс екенін айтты.

«Осыдан бір жыл бұрын вице-премьер Шувалов бастама көтерген болатын. Қазақстан жағы әзірге байсалдылық танытып отыр. Мұны оңай түсіндіруге болады. Себебі, шындығын айтқанда, валюталық одақ құру әзірге орындала қоймасы анық. Бәлкім, 2025 жылға таман болар. Болар болмасы да екіталай», – дейді сарапшы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз