Кеңес Одағы батырының «Алтын жұлдызы» әлі күнге Мәскеуден әкелінген жоқ

0
173

Ұлы Отан соғысы жылдарында отан үшін отқа түсіп, ерлік көрсеткен арда азаматымыз, Ертістің Павлодар өңірінің тумасы Қанаш Қамзин небары 24 жасында Кеңес Одағының батыры екені белгілі. Өкініштісі сол, ердің «Алтын жұлдыз» медалі әлі күнге дейін Мәскеуден туған топырағына әкелінбеген. Бұл туралы «Сарыарқа самалы» газетінің «Ертіс бойының ерлері» атты арнайы жобасында жазылған.

Ақсу ауылдық аймағына қарасты Жолқұдық ауылында туған Қанаш Қамзин үшінші Украин майданы, 52-ші атқыштар дивизиясының 429-шы атқыштар полкінің үшінші рота командирі, лейнетанты болған. Небары 24 жасында Кеңес Одағының батыры атанған қазақтың батыр ұлына Молдовияның топырағы бұйырды.

Қанаш Қамзинның келіні Биғайша Қамзина «Сарыарқа самалы» газетіне берген сұхбатында батырдың «Алтын жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені Мәскеуде қалғанына қамығатынын жеткізген.

– Соғыс аяқталған соң Батырдың марапаты да жетеді. Бірақ тәртіп ойынша «Алтын жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені әке-шешесіне тапсырылуға тиіс екен. Сөйтіп, ол марапаттар Кеңес Одағының Қорғаныс Министрлігінде қалды. Аға-інілеріне тек Грамота ғана табыс етіледі екен. Бірақ үйдегілерге оны да бермейді. Тек «Батырдың есімімен оның мектебін атасаңдар ғана оқу орнына беріледі» дегенді айтады. Содан батырдың педагогикалық білімі ескеріліп, 1963 жылы Жолқұдық ауылындағы 8 жылдық мектепке есімі беріледі. Ұзамай Батыр Грамотасы мектеп басшылығына тапсырылады. Қазірде сонда сақтаулы. Ал «Алтын жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені Мәскеуде қалған болуы керек. Қазіргі заман басқа. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сол Батырдың «Алтын жұлдызын» Мәскеуден алғызуына мүмкіндігі жетеді. Осы күнге дейін «Алтын жұлдыздың» елге жетпегеніне қамығамын. Талаптарың жанып, сол марапатты елге жеткізе алсаңдар екен. Ол күнге жете алмай қалсам, дұғаның арасында «Апа, біз мақсатты орындадық, медаль мен орденді қайтарып әкелдік» деп айтарсыңдар, – дейді Б. Қамзина.

pavlodarnews.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз