БҚО-да ауыл әкімі жұмысқа мас күйінде келіп, алдына келген адамды балағаттаған

0
105

Бөкейорда ауданының Саралжын ауылдық округінің әкімі жұмысқа орналасу мәселесімен келген әйел адамға былапыт сөздер айтқан, сондай-ақ жұмыс орнында мас күйінде жүрген.

 БҚО-да ауыл әкімі жұмысқа мас күйінде келіп, алдына келген адамды балағаттаған
«Ағымдағы жылдың ақпанында әкімге ауылдық округтің тұрғыны келіп, жұмысқа орналасу жағдайы туралы сұраған. Алайда Рашкалиев оны балағаттаған. Ал әйел адам болса Бөкейорда аудандық ІІБ-не шенеуніктің үстінен арызданған. Нәтижесінде Рашкалиевтің атына әкімшілік қылмыс қозғалған (ұсақ бұзақылық). Сот шешімімен әкімге 10 айлық есептік көрсеткіш сомасында айып тағылды. Бұл ретте аудан прокуратурасы мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексін бұзғандығын айтып, қосымша материалдарды қайта қарастыру үшін бізге жолдады», – делінген облыстың тәртіптік кеңесінің хабарында.

Тәртіптік істі қарастыру барысында  ауылдық округ әкімінің келушілерге дөрекілік көрсетуінен басқа, жұмысқа мас күйде барғандығы белгілі болған. Әкімнің өзі өз кінәсін мойындады.

«Істі қарастыру нәтижесі бойынша тәртіптік кеңес Бөкейорда ауданының әкімі Рашкалиевке мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығаруды ұсынды», – деп толықтырды тәртіптік кеңесте.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз