Қазан қаласында тілсіз жаудың кесірінен қираған сауда орталығы ғимаратының астында 25 адам тірілей көміліп қалған болуы ықтимал. Олардың арасында төтенше жағдай қызметінің бір өкілі бар. Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы саны 5 адамға жетті. Соңғы ақпаратқа сәйкес, олардың арасында тәжік азаматтары да бар. Қазір құтқарушылар ғимараттың қираған бөлігінің үйінділерін аршуды тоқтатқан. Себебі сауда үйінің жартылай зақымданған сол жақ қанаты мүлде қирап түсуі мүмкін. Өртке оранған «Адмирал» сауда орталығынан 650 адам құтқарылып, оның 55-і түрлі жарақат алған. Ал ғимарат қожайыны осыған дейін оған белгісіз біреулер хабарласып, «сауда үйін өртеп жібереміз» деп қорқытқанын айтты. Артынша ол қосымша күзетшілер жалдап, сауда орнын туысқандарымен бірге күндіз-түні қарауылдапты. Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz