Алматыда өткен тәулікте 56 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның 12-сінде зардап шеккендер бар.
Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз-қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.
«11 наурызда 56 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 12-сінде зардап шеккендер бар, мерт болғандар жоқ», – деді Салтанат Әзірбек.
Бұған дейін хабарланғандай, 10 наурыз күні 13 жол-көлік оқиғасы болып, оның 1-уінде адам өлімі орын алған. Еске салсақ, 11 наурыз күні түнде Алматыда қар жауған, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол-көлік қозғалысы қиындады.
12 наурыз, бейсенбі күні қалада жауған қардың қалыңдығы 10 см болса, таулы жерлерде 30 см дейін жеткен.