ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы президенттік сайлауға қатысуға ниетті

0
31
Президенттік сайлауға қатысуға тағы бір үміткер өтініш берді. Бүгін Әбілғазы Құсайынов ҚР Орталық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсынды. Журналистердің сауалдарына жауап берген үміткер саяси науқанға қатысу себебін айтты. Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы: – Дауыс беретін күн басталмайынша мұндай сұраққа жауап беру ерте. Сайлау – әрқашан да қоғамның өзекті мәселелерін көтеруге және әрбір адамның өміріндегі маңызды проблемаларға, тұтас алғанда, экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуға деген мүмкіндік. Менің еңбек жолымдағы және өмірлік мол тәжірибем біздің барлығымыздың осы проблемаларды жете бағаламайтындығымызға көзімді жеткізді және осы сайлаудағы менің мақсатым – тұрмысымыздағы осы мәселелерді қоғамға жеткізу.

Источник: http://www.24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз