«Ақ жол» партиясы кезектен тыс өтетін президент сайлауында президенттікке үміткер ұсынбайды.
«Кез келген саяси партия міндеті – билік үшін күресу. Бірақ халықтың шын қолдауына ие және осы халықты тоталитарлық державаның ешкімге белгісіз провинциясынан экономикасы қуатты тәуелсіз мемлекетке, заманауи қоғамға жеткізген Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отырған сайлауға күрес термині қолдануға келмейді. Себебі, ол өз халқымыздың қалауына қарсы шыққандық болар еді. Ондай күресті біз «Ақ жол» Қазақстанның саяси сахнасындағы рөліне сай емес деп есептейміз», – деді партия төрағасы Азат Перуашев.
«Жекелеген партиялардың өз үміткерлерін елбасымен салыстыруы қазіргі заманғы Қазақстандағы Назарбаев тұлғасының рөлі мен мәнін төмендетеді. Бұл мәселеде біз партиялық көзқарастан жоғары қарау керек деп есептейміз. 2010 жылы 10 маусымнан бастап ұлт көшбасшысы заңын қабылдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев де-факто және де-юре тек бір ғана партияның көшбасшысы емес, сонымен бірге бүкіл Қазақстан халқының көшбасшысы, оның ішінде «Ақ жол» партиясының мүшелерімен бірге басқа да партиялардың үздігі», – деп атап көрсетті ол.
Еске салсақ, 25 ақпанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Кеше ол сайлауға қатысатынын айттып, мемлекеттік тілден өтетін емтиханды беске тапсырды.