Қытай экономикасының қарыштап дамуы әлемді таңдай қақтырды

0
458
 1.1
Тіпті сарапшылар бұл ел осы қарқынымен 2015 жылы АҚШ-ты басып озады десті. Бірақ былтыр 90-жылдардан бері бірінші рет Қытай экономикасының дамуы бәсеңсіп қалды. Бүгінде Бейжің билігі біздің ендігі бағыт «жаңа норма» деп отыр. Яғни экономикасына құрылымдық реформа жүргізе бастады. Бұл қытайлық кәсіпкерлерге қалай әсер етуде? Қытайдағы жиһаз өндірісі – соңғы 30 жылда ең жақсы дамыған салалардың бірі. Бір кездері қазақстандықтар үйлеріне қытайдың жиһаздарын алдыртатын. Бірақ бүгін жағдай басқаша. Әлемдік экономикалық дағдарыс пен экономикалық реформалар бұл салаға да әсер етті. Сатылым 3\2-ге қысқарған. Фабрика басшысы Чэнь Гуйжун нарықтағы орнын сақтап қалу үшін барын салуда. Чэнь Гуйжун, жиһаз фабрикасының басшысы: – Әрине «жаңа норма» бізге де әсер етті. Бұрын біз барынша көп зат шығарып, қомақты табысқа ұмтылатынбыз. Енді өнім көлемін сол қалпында ұстап тұра алмаймыз. Сондықтан бүгінгі нарыққа бейімделіп, инновация мен сапаға көңіл бөле бастадық. Жақсы тауар жерде қалмайды деп ойлаймын. Қытай экономикасындағы жаңа реформалардан соң көптеген компаниялар үнемдеуге көшкен. Мысалы, жиһаз фабрикасы жарнамаға шығындалмайтын болды. Жұмысшылардың жартысын қысқартып, қызметкерлерінің айлығын қиды. Осындағы жұмыскерлердің бірі Кун Сяньтаоның табысы соңғы бірнеше жылда 50 пайызға дейін қысқарған. Кун Сяньтао, жиһаз фабрикасының жұмысшысы: – Жұмыссыз отырғанша, азын-аулақ табыс тауым керек. Өйткені осындай үлкен компанияны қиын-қыстау кезде тастап кетпей, шыдауым қажет. Келешекте жағдай жақсарады деп ойлаймын. Бірақ қашан айлық өсетіні белгісіз. Сондықтан Кун Сяньтао қосымша жұмыс істейді. Басшылар да қызметкерлерінің басқа жерден жұмыс істеуіне қарсы емес. Чэнь Гуйжун, жиһаз фабрикасының басшысы: – Ештеңе де мәңгі емес. Қазір біздің басты мақсатымыз – бәсекеге қабілеттілігімізді көрсету. Қиындықтан соң, жеңіс келетініне сенемін. Сарапшылардың айтуынша, биыл да Қытай экономикасының өсімі баяулайды. Ел үкіметі шетелдік инвестиция мен өңдеу саласына тәуелділіктен арылу үшін түрлі бағдарлама қабылдауда. Ішкі нарықтағы сұранысты арттыру экономика өсімінің негізгі факторы болады деп отыр сарапшылар.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/53825-a-tyrdy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз