
Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден зардап шеккен жасөспірімдер Алматы мен Астанада емделетін болды деп хабарлайды КТК арнасы. Денелері құрысып, естерінен танып жатқан балаларды осы қалалардағы ғылыми орталықтардың дәрігерлері қарамақ.Жаңаөзендік 4 оқушы ұшақпен Алматыдағы республикалық «Ақсай» балалар клиникасына, тағы 19 -ы Астанадағы «Ана мен бала» ғылыми орталығына жіберілді.
Дәрігерлер бұлардың жағдайлары жақсарып қалғанын айтады. Дегенмен, екпе ағзадағы басқа да ауруларды қоздыруы ықтимал. Сондықтан ғылыми орталықтарда оларды қан аздығы мен асқазан, өт ауруларынан да емдемек.
Соңғы дерек бойынша, Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден 120-ға тарта бала зардап шеккен. Сондай-ақ, Шымкент, Тараз, Теміртау, Қостанай өңірлернің жасөспірімдеріне де осы үнді вакцинасының кесірі тиген еді.
Қазір оны егу 2 мамырға дейін тоқтатылды. Оған дейін мамандар дәріні сараптамадан өткізіп, сапасын анықтауы тиіс.
По сообщению сайта Nur.kz