ОҚО-да сау балаларды мүгедектерге арналған сыныпқа қосып жіберген

0
409
ОҚО-да сау балаларды мүгедектерге арналған сыныпқа қосып жіберген
Оңтүстік Қазақстандағы мектептердің бірі дені сау 10 оқушыны инклюзивті, яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыныпқа ауыстырып жіберген деп хабарлайды КТК арнасы.Бұл келеңсіздік Түлкібас ауданындағы Мұхтар Әуезов атындағы білім ошағында орын алды. Сап-сау ұл-қызының мүгедек оқушы ретінде қыркүйектен бері оқып жатқанын тұрғындар енді біліп отыр. Мұндай сыныпта оқу үшін міндетті түрде болуы керек ата-ананың өтінішін де білім беру саласының қызметкерлері қолдан жасаған.Түлкібас ауданының Машат ауылындағы мектепте бір сыныпқа өткен жылғы қыркүйектен бері сынақ ретінде инклюзивті деген атау беріліпті. Онда тек мүмкіндігі шектеулі балалар ғана оқуы тиіс. Ал ұстаздар олардың қатарына үштігі бар оқушыларды қосып жіберген. Мұндай сыныпқа қабылдану үшін ата-ананың рұқсаты болуы керек екен. Ал сап-сау балаларының мұнда оқып жатқанын тұрғындар жарты жылдан соң ғана біліп отыр.

Менің рұқсатымсыз, өтініш жазып өткізіп жіберген. Мұғалімнен сұрасам бала саны жетпеген соң өткізіп жібергенін айтты

«Жиналысқа қатысқан жоқпын. Менің рұқсатымсыз, өтініш жазып өткізіп жіберген. Мұғалімнен сұрасам бала саны жетпеген соң өткізіп жібергенін айтты», — дейді Машат ауылының тұрғыны Клара Елеуова.

3 сынып оқушысы Данияр Байжұмановтың анасы, тіпті, ұлымды мектеп ұжымы әдейі кемсітіп отыр дейді. Дәлел ретінде қолына баласының күнделігі мен дәптерлерін алып келіпті. Мәселен, Даниярға алдағы сенбі күні болатын сабағына мұғалімдер қазірдің өзінде нашар баға қойып үлгеріпті. Ал мектеп ұжымының өз уәжі бар. Олар «инклюзивті сыныпқа орташа оқитын оқушыларды ұсынғанымыз рас, тек оны облыс пен ауданнан келген комиссия рәсімдеді» деп отыр.

Аудан шенеуніктері болса, керісінше ата-ананың қолын жинап, мағлұмат берген мектепті кінәлауда.

«Ата-аналар қарсы болса сол кезде жапқыздыратын едік. Уақыт өтіп кетті ғой. Енді осы мамыр айында сараптама өткізеді. Балалар осылай оқуын жалғастыра ма, әлде жабамыз ба соны шешеміз. Ата-аналар қарсы болса жабады», — дейді Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдіскері Шыңғыс Жаңабердиев.

Шенеуніктерге сенсек, инклюзивті білім алуда тұрған дәнеңе де жоқ. Балалардың болашағына тіпті әсер етпейді деп отыр. Тек, мұндай әдіс туралы әр атқамінерден әрқилы ақпар алған ата-аналар енді ешкімге сенбейді. Ұл-қызын қарапайым сыныпта оқытуын талап еткен олар енді мектеп директорынан бастап, аудан мен облыстың білім бөлімін сотқа бермекке бекінді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз