Алматылықтар жөтелу этикасын үйренуде

0
410
Алматылықтар жөтелу этикасын үйренуде
Алматылықтар жөтелу этикасын үйреніп жатыр. Себебі, көпшілік жөтелгенде мәдениетсіздік танытып қана қоймай, қасындағыларға қауіп төндіреді деп хабарлайды КТК арнасы.Ал туберкулез сияқты қауіпті ауруларды жұқтырған кейбіреулер өзінің сырқат екенінен хабарсыз болуы да мүмкін. Мейірбикелер көшеге шығып, қала тұрғындарына дұрыс жөтелу мен туберкулезден сақтануды үйретті.Егер жөтел қысса, шыт немесе сүлгімен ауызды жауып тұрған жөн. Ал егер олар болмаса, алақанға емес, қолды бүгіп, шынтақтың тұсына жөтелген дұрыс.

Дәрігерлер бірнеше сағат ішінде 200-ден астам азаматқа осы әдістерді үйретті. Бұдан бөлек, флюорографияға түсіп, тегін тексерілуге де мүмкіндік болды.

Жалпы, дәрігерлердің айтуынша, Алматыда құрт ауруына шалдыққандар саны жыл сайын азайып келеді екен.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз