Путин Ислам дінін қабылдады

0
51

putin 9

Жақында ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында РФ Президенті Владимер Путиннің Ислам дінін қадылдағаны туралы жаза бастаған еді.  Осыған қатысты РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мырза “Интерфакске” берген сұхбатында  “Lifenews” арнасының таратқан бұл ақпаратының шындыққа жанасатынын жеткізді.

“Иә, ондай шешімнің қабылданғаны рас. Президент мырза маған бұл жайлы егжей-тегжейлі айтып берген жоқ. Бірақ, бұл оның  жеке басына қатысты. Өз қалауы. Мен Президент Владимер Путиннің бұл таңдауын құптаймын. Тіпті, бұл мені де қызықтырып жүр. Мен де қазір Құран оқып үйренудемін”,-дейді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Д. Песков мырза.

Ал РФ Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Всеволод Чаплин мырза “Россия” телеарнасына берген сұхбатында: – Ресей патриархы қатты ауырып жатқанына байланысты ол кісі бұл мәселеге қатысты қандай да бір мәлімдеме жасай алмайды. Ал менің жеке басыма келер болсақ, РФ Президентінің бұл шешіміне, әрине түсіністікпен қараймын. Ол оның жеке таңдауы,-деп мәлімдеме жасаған.

Бұл жаңалықты бөлісуден Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров та құр қалмады. Ол өзінің “Твиттер” әлеуметтік желісіндегі парақшасында “бұрын-соңды мұндай қуанышты жаңалық естімегенін” айтады. Тіпті, Рамзан Ахмадұлы “жақында Владимер Владимерич барлық кәпірлер мен мұнафықтарға қарсы жиһад ашса мен қуанар едім” деп жазады. Ол өзінің жазбасында “кәпірлер” мен “мұнафықтар” деп “Шарли Эбдо журналына Ислам дініне қатысты түрлі әжуфлар мен карикатура жариялағандарды” нұсқап отырғанын ескертеді.

Ал ресейлік саясаткер Сергей Марков  РФ Президентінің Исламды қабылдауын қазіргі таңдағы әлемдік гоесаяси ахуалдармен байланыстырады. Ол ресейлік “Дожд” арнасына берген сұхбатында “Біздің Президент тек біздің қамымызды ойлағаннан осы қадамға барды. АҚШ және Батыс елдерінің төпелеп санкциялар жауып, Ресей қиын-қыстау кезеңнің алдында тұрғанын білесіздер. Осындай кезде сенімді серік бола алатын, біздің саясатымызды қолдайтын мемлекеттерді айналамызға топтастыруымыз керек. Ал ішкі сенімге келетін болсақ, Құдай бір екені аян”,-деген.

РФ Президентінің Ислам дінін қабылдауына не себеп болғанын журналистерге РФ СІМ Сергей Лавров мырза түсіндіріп берген. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мызра Путиннің Исламды қабылдауының түпкі сыры, жақында Ресейге Ислам мемлекеттерінің президенттерінің келетінін және аталмыш кездесулер барысында Таяу Шығысты, Орталық Азияда және Қара теңіз маңында бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу мәселелері талқыланатынын айтқан.

Нұрзат Тоғжан

“Қамшы” сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз