Мұхтар Құл-Мұхаммед Назарбаевтың сайлауалды штабын басқарады

1
56

 

«Сайлауалды штабқа Мұхтар Құл-Мұхаммед басшы болды», – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі Twitter-де. Штаб құрамына жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, Қазақстанның ғылым, мәдениет пен өнер салаларының көрнекті өкілдері енді.

Еске салайық, 2015 жылдың 4 наурызында Мемлекет басшысының ресми сайтында Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ҚР Президенті кеңесшісі қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Ол бұл қызметті 2014 жылдың наурызынан бері атқарды.

Құл-Мұхаммед 2000 жылдардың басында Парламент Сенатының депутаты болды, кейін ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігін басқарды. Әр жылдары Президенттің кеңесшісі, Президенттің баспасөз хатшысы, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылы ол Қызылорда облысының әкімі болды, бұдан соң Қазақстан Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды. 2008 жылдың мамырында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қайтадан басшы болды. Ол Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы қызметін де атқарды.

1 Пікір

  1. Құл-Мұхаммед өз жұмысын жоғарғы көрсеткіште көрсетудің арқасында, Елбасымыз жеңіске жетеді деген ойдамын!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз