Қазақстан билігі Нью-йорк сотына белгісіз хакерлердің үкіметтік компьютерлерді бұзып, шенеуніктердің электронды құпия жазбаларын жариялағаны үшін сотқа берді.
Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«Қазақстан үкімет компьютерлерін істен шығарған және шенеуніктердің Нью-Йорк заңгерлік компаниясымен алмасқан кейбір құпия хабарламаларын жариялаған беймәлім хакерлерге деген талап арызын сотқа тапсырды», – делінген хабарда.
Мәліметтерге сай, жазбалар ішінде Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мен Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаевтың нью-йорктік Curtis Mallet-Prevost Colt & Mosle LLP заң кеңсесіне жолдаған және өзге де мыңдаған хаттары болған.
Аталмыш нью-йорктік кеңсе адвокаттарының қызметі елімізде жалданғаны айтылды.
Мұнымен қатар, талап арызына сәйкес, бұзу дерегінің қаңтарда-ақ анықталғаны атап көрсетілген. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.
Хабарланғандай, Қазақстан хакерлердің тұлғаларын анықтау үшін тергеуді бастады.