Исландия Еуроодақ құрамына кіруден бас тартты

0
480
2
Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Исландия билігі 2009 жылы жіберілген өтінішін ресми түрде қайтарып алды. Мекеме басшылығының мәлімдеуінше, бұл шешім бұрынғы биліктің Еуроодақ алдында қабылдаған міндетін жоққа шығарады, десек те Рейкьявик пен Брюссель арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Өз кезегінде Латвияның сыртқы істер министрі Исландия билігінің бұл шешімін құрметтейтінін айтып, Еуроодақ пен Исландия арасындағы ынтымақтастықты қолдайтынын жеткізді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/53957-s-tartty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз