Мэлс Елеусізов президенттікке кандидат атанды

1
59

Бүгін «Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов  Орталық сайлау комиссиясына президенттік сайлауға үміткер ретінде өтініш берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Мэлс Елеусізов президенттікке кандидат атанды
«Әрине, құжаттарымды тапсырдым, оның еш қиындығы жоқ қой. Алда лингвисткалық комиссия сынағы, оның қиындау болатыны түсінікті. Дегенмен, бұған дейін екі мәрте тапсырған болатынмын. Сондықтан өтетіндігіме сенімдімін», – деді ол БАҚ өкілдеріне.

Сонымен қатар ол президенттік сайлауға қатысу арқылы Қазақстанның экологиялық ахуалына күллі әлемнің назарын аудартқысы келетіндігін атап өтті.

Естеріңізде болса, Елеусізов президенттікке үміткер атану үшін төленетін жарнаға қаржы таппай, достарынан көмек сұрағандығын хабарлағанбыз.

«Мен климаттың өзгеруі бойынша 6 халықаралық саммитке қатыстым. Соңғысы Перу қаласында желтоқсан айында өткен еді. Қоршаған орта нашарлап келеді. Адамдар бұл жөнінде бейхабар, ал саясаткерлер, тіпті, оған мән бермей отыр. Сол себепті, мен оларға әлемдегі жағдай туралы хабарлап, шара қабылдау қажеттігін жеткізу үшін өз кандидатурамды ұсынып отырмын», – деді Елеусізов.

Қоршаған орта нашарлап келеді. Адамдар бұл жөнінде бейхабар, ал саясаткерлер, тіпті, оған мән бермей отыр.

Оның айтуынша, климат жыл санап өзгеріп, қоршаған ортаның ластану деңгейі жоғарылап жатыр деп жазады bnews.kz.

«Бұл туралы халық білгені жөн, ал біз болсақ тек дағдарыс, экономика туралы ғана сөз қозғап жатырмыз. Экология мәселесі көтерілмейді. Қазақстан әлемдегі ең лас елдердің бірі екенін атап өткен жөн. Бізде әлемдік деңгейдегі проблемалар бар, яғни Арал, Каспий теңізі, Балқаш көлі мәселелері туралы халыққа ақпарат беру керек», – деп өз ойын толықтырды ол.

«Мен өз пікірімді білдіру үшін сайлауға қатысуға бел будым. Екіншіден, жеңіске жету үшін бар күшімді саламын», – деп түйіндеді Мэлс Елеусізов.

Айта кетейік, бүгінде үміткерлердің саны 23 адамға жетті. Оның 21-і сайлауға өзін-өзі, ал екеуі, атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, ал Тұрғын Сыздықовты коммунистік халық партиясы ұсынған.

Қазіргі уақытта олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексеріліп, кейбірі лингвистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде. Мәселен, 8 үміткерді тіркеуден бас тартылды. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сәйкес сайлауға түсу жасына толмаған. 6-уы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады.

4 адам лингвистикалық комиссия сынағын тапсырды. Олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексерілді. Олар қазіргі уақытта сенімді тұлғаларын тіркеп, қол жинау жұмысымен айналысуда.

Источник: NUR.KZ

1 Пікір

  1. Лингвистикалық комиссия қатал, бұл кісі тілді меңгеруге арналған емтиханнан сүрінбей өте ала ма екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз