Жаһандану дәуіріндегі жаңа міндеттер қауіп-қатерлерге тойтарыс беріп, еліміздің еңсесін тіктеуі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде осы тұрғыда 5 институционалды реформа ұсынды. Осы бастама озық 30 елдің қатарына енуге себеп болмақ. Реформаның бірі ішкі істер органдарының қызметін жаңғыртуға қатысты. Ол үшін ең әуелі ашықтықты қамтамасыз ету керек. Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту қажет. Себебі полицейлердің жол ережесін бұзған шенеунікке айыппұл салатындығына азаматтар сенбейді. Бұл ретте Елбасы қоғамда тәртіп сақшыларының мәртебесін көтеріп, біліктілік деңгейін арттыруды тапсырды. Ақпараттық технологияларды дамытып, күзет қызметін бейнетіркеуіштер сынды құралдармен жабдықтау қажеттігін айтты. Полиция қызметкерлерін іріктейтін кәсіби және психологиялық жаңа жүйені енгізу де маңызды. Сонымен қатар Отанымызды көздің қарашығындай қорғайтын әскерді жаңғырту қажет. Бұл ретте Президент сарбаздардың кәсіби шеберлігін көтеру міндетін жүктеді. Әскерді озық техникамен жабдықтау арқылы жауынгерлердің соғысқа қабілеттігін арттыруды тапсырды.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/53953-etteri