Шымкент тұрғыны бұрынғы басшысын өлтіру үшін киллер жалдаған

0
506

 

Өткен жылдың күзінде полиция қызметкерлеріне Шымкент тұрғынының кісі өлтіруге киллер іздеп жүргені туралы жедел хабар жетті.

Шымкент тұрғыны бұрынғы басшысын өлтіру үшін киллер жалдаған
Бұл туралы otyrar.kz  хабарлайды.

Кісі өлтіруге тапсырыс берушінің шын мәнінде киллер жалдауға ниетті екеніне көз жеткізген полиция қызметкері киллердің рөлін ойнап, қылмыскермен байланысқа шықты.

«Ол тапсырыс берушімен кездесті. Жалдаушы адам киллерге 20 мың доллар беретінін айтып, 5 мыңын алдын-ала төледі», — деп мәлімдеді ОҚО Ішкі істер департаментінің қызметкері Кенжебек Оңдасынов.

Шымкент тұрғыны бұрынғы басшысын өлтіру үшін киллер жалдаған

Полиция операция жүргізу барысында қылмыскерге тапсырыстың орындалғанын айтып, сендірген. Олар өтірік өлтірілген құрбанның суретін көрсеткен. Істің тынғанына сеніп қалған тапсырыс беруші қалған сомасын төлеген. Полиция сол жерде қылмыскерді тұтқынға алды.

Кейін кісі өлтіруге тапсырыс берген адамның құрбаны Шымкент мұнай айыру зауытында басшы болғаны анықталды. Тәртіп сақшылары қылмыскердің бұл қадамына әріптесімен туындаған келіспеушіліктер себеп болған деп отыр.

Мамандандырылған аймақаралық сотта Әбсаттар Шахидиновтың төрелігімен қылмыстық іс қаралуда.

«Қазір іс сотта қаралуда. Біз кінәлі заң бойынша тиісті жазасын алғанын қалаймыз», – деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Шәкіржан Махаматалиев.

Айта кетерлігі, Астанадағы соттың қылмыстық коллегиясында айыпталушының қарындасы жұмыс істеген. Алайда, аталмыш қылмыстық іс насырға шапқан соң қарындасына жұмыс орнын ауыстыруға тура келген.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз