Экономист білімді әйелдерді баланы көбірек тууға шақырды

0
61

 

Астаналық экономист Ораз Қайсендуллаев Қазақстанға Сингапурдан үлгі алып, интеллектуалды әрі дарынды әйелдер арасында балалар туылымын көбейтуді  ұсынды.

Экономист білімді әйелдерді баланы көбірек тууға шақырды
Экономист ақылды әйелдердің көбірек бала табуы үшін не керектігін ойлап тапты 

Қазақстан Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Юдің 1960 жылы ел сауаттылығын көтеру мақсатында, сауатты еркектерге тек интеллектісі жоғары әйелдермен отбасылы болуға шақырған саясатына көз салуы керек деп жазды «Экспресс К» газеті.

Батыс елдерде Куан Юдің бұл саясатына күле қарағандар көп болған, алайда бұл саясаттың іске асуына еш әсер етпеді. Сингапурда сауатты әйелдерге күйеу таңдап беретін әлеуметтік даму агенттігі құрылды.

Экономист Ораз Қайсендуллаевтың пікірінше, дәл осы саясат Сингапур елінің жетістікке жетуіне себепкер болған.

Қазақстан үшін де бұл мәселе өзекті, себебі елдің бәсекеге қабілетті болуы мен ұлттың ителлектуалды деңгейіне бұл жағдайдың тікелей әсері бар.

«Негізгі гендер балаға анасынан беріледі. Ли Куан Ю болашаққа көз тікті: ол сингапурлықтардың сауатсыз қыздарды алуға тырысатынын байқаған. Бүкіләлемдік статистика да қуантарлық болмады: 100 сауатты әйел орта есеппен 160 баланы дүниеге әкелсе, сауатсыз әйелдер 400 бала туатыны анықталған. Қазақстан үшін де бұл мәселе өзекті, себебі елдің бәсекеге қабілетті болуы мен ұлттың ителлектуалды деңгейіне бұл жағдайдың тікелей әсері бар. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 300 мың тұрмыс құрмай отырып қалған әйелдер бар, олардың көпшілігі жоғары білімді әйелдер», – дейді экономист.

Сингапур билігі ақылды әйелдерге үйленуді қолдаумен қатар, ондай жұп үшінші немесе төртінші рет нәрестелі болса қомақты қаржылай көмек көрсеткен. Экономист бұл шешімді де қолдап отыр.

Оның айтуынша, жұртшылық Ли Куан Юдің бұл ісін адам құқығын бұзушылық деп қанша даттағанымен, өмір аталмыш қадамның сәтті болғанын көрсетті.

«Қазір Сингапур негізгі байлығы – адамдар болып табылатын, әлемде алдыңғы қатарда тұрған мемлкеттердің бірі», – дейді Қайсендуллаев.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз