АҚШ елшісі Қазақстан дүкендеріндегі сүттерден қауіптенетінін мойындады

0
363

 

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол қазақстандық дүкендерден жасанды сүт сатып алу ықтималдығынан қауіптеніп, шұбат пен қымыз ішкенді жөн санайды.

АҚШ елшісі Қазақстан дүкендеріндегі сүттерден қауіптенетінін мойындады
Джордж Крол

«Мен министрмен келісемін. Қазақстанда дүкенде жүрген кезде, сүттің қатырмасын немесе пакетін оқимын да, оның расында сүт екеніне мен де сенімді емеспін. Осының себебінен мен шұбат пен қымыздың үлкен жақтасымын. Әлем көбірек қымыз бен шұбатты ішсін – бұл ағзаға өте пайдалы және тіпті әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де», – деді Крол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанда ресейлік ұнтақтардың қолдануымен жаппай сүт өндірісі табиғи өнімді жерге төгу дерегіне әкеліп соғатынын хабарлады.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз