Дубайда әлемнің ең үздік мұғаліміне $1 млн табысталды

0
21
Дубайда әлемнің ең үздік мұғаліміне $1 млн табысталды
Дубайда әлемнің ең үздік ұстазына 1 миллион доллар жүлде тапсырылды.

Мектеп ұстаздары арасында тағайындалған Global Education and Skills деп аталатын қомақты жүлде америкалық мұғалім Нэнси Этвалға бұйырды.

Ұстаздар арасындағы «Нобель» сыйлығы атанып үлгерген жүлдені иеленуге әлемнің жүздеген ұстазы үміттенген. Қазылар шешімімен ақтық сынға соның он шақтысы жетті.

Нэнси Этвелдің айтуынша, ол жеңіске жетемін деп тіпті ойламаған. Тек, көпке өзінің білім беру әдістемесін таныстырғысы келіпті. Тәжірбесі мол мұғалім, бірнеше кітаптың авторы. Жуырда ол әр сыныпта кітапханасы бар өзінің жеке мектебін ашқан көрінеді.

«Бұл мүмкін емес. Егер кеше маған жеңімпаз ата -анасың десе, мен сенбей күлетін едім. Бұл нағыз ғажайып оқиға. Алғашқы жұмыс күнім есімде. Мен сыныпқа кіріп, оқушыларға қарадым да өзімді үйіме келгендей сезіндім. Мектеп әр адамның өміріндегі ең маңызды орын», — деді Global Education and Skills жүлдесінің жеңімпазы Ненси Этвел.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз