Назарбаев Әзербайжан, Қырғызстан және Чехиядағы елшілерді тағайындады

0
43
Назарбаев Әзербайжан, Қырғызстан және Чехиядағы елшілерді тағайындады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Чех, Әзербайжан, Қырғызстан Республикаларындағы елшілері тағайындалды.

Президент жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстанның Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз