Бауыржан Әбдішев пен Серік Ахметовке ресми түрде айып тағылды

0
452
Бауыржан Әбдішев пен Серік Ахметовке ресми түрде айып тағылды
Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев пен бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовқа ресми түрде айып тағылды.Бұл туралы nv.kz сайтына сілтемей жасай отырып NUR.KZ хабарлады.

Бұған дейін олар күдікті ретінде қамауда болған. Біріншісі екі коррупциялық бап, ал екіншісі төрт бап бойынша айыпталды. Олар әлі де қамауда отыр және қылмыстық іс материалдарымен танысуда.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке «Қызметтік бабын теріс пайдаланғаны» және «Кәсіпкерлік іске заңсыз қатысқаны үшін» айып тағылды.

Еске сала кетейік, тергеу нәтижесінде Әбдішевтің тас төсеуіштер шығаратын қарағандылық «ЕвроСтандарт Сервис» серіктестігінің мүддесіне болысқаны, бұл өндіріс Әбдішевтің Сыздықов атты танысының атында болғандығы анықталған болатын.

Танысын қолдамақшы болған ол қарамағындағыларды Қарағанды жаяу жүргіншілер жолына арналған плиткаларды пайдалану бойынша келісімшартты тек осы серіктестікпен жасасуға міндеттеген.

Тағы бір шикілік  «Сталь Цинк» фирмасының жарықтандыру тіреуіштерін көтермеленген бағамен сатып алуға байланысты туындаған. Оған ортақ құрылтайшы – Серік Ахметовтың ұлы, ал директоры – бауыры болған.

Ал экс-премьер Серік Ахметов төрт іске қатысты деп танылды. Атап айтсақ, «Біреудің сеніп тапсырылған меншігін иемдену», «Пара алу», «Қызметтік бабын теріс пайдалану» және «Кәсіпкерлік іске заңсыз қатысу».

Серік Ахметовты «Металлургия-Металлобработка» индустриалды паркінің аймағына канализация желілерін құру ісіндегі шикілік үшін айыптауда.

Тергеуде мәлім болғандай,  мердігер қымбат құрылғыларды арзанына ауыстырып, нәтижесінде 1,2 миллиард теңге жымқырған. Барлық іс сол кезде Қарағанды әкімі болған Серік Ахметовтың рұқсатымен жүзеге асырылған.

Осы іске қатысы бар өзге де шенеуніктерге айып тағылды. Олардың арасында Қарағанды жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібеков, қаланың ТКШ, жолаушылар және көлік жолдары бойынша экс-басшысы Айдос Жәкенов, Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғабит Мұхамбетов, Қазақстан өндірістік корпорация төрағасының орынбасары Әлжан Ақмолдаев және «Металлургия-Металлообработка» индустриалды паркінің экс-директоры Анатолий Ессе бар.

Атышулы іс бойынша барлығы 20 адамның ісі қаралуда.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз