Кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілген боксшы қайтыс болды

1
43

Астана. 17 наурыз. Baq.kz Аустралиялық кәсіпқой боксшы Брэйдон Смит филиппиндік Джон Моральдеден жеңілген соң, арада екі күн өткенде қайтыс болды. Бұл туралы ESPN хабарлап отыр.

WBC тұжырымы бойынша «Asian Boxing Council» титулы сарапқа салынған кездесу 14 наурыз күні Брибсен қаласында өтті. Бұл жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша аустралиялық боксшы жеңіліс тапты. Кездесу аяқталған соң, Смит қарсыласына құттықтап, шешінетін бөлмеге шығып кетеді. Сол жерде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

Боксшыны ауруханаға апарады. Ол жерде жасанды тыныс алу аппаратын қосады. Бірақ екі күннен кейін боксшы қайтыс болған. Смиттің жасы нәбәрі 23-те.

Айта кетейік, Брэйдон бұған дейін кәсіпқой бокста 12 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Соның ішінде он жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз