Қарағанды облысына қарасты Майқұдық ауылының маңайында коммунистер митинг ұйымдастырып, КСРО-ны сақтау туралы референдумның 24 жылдығын атап өтті деп хабарлайды nv.kz.
Коммунист Виктор Жилиба кеңес одағының қызыл туын құдды мамыр айындағы шеруге шыққандай тік ұстап тұрды.
Тағы бір коммунист Александр Бондаренко жиналған жолдастарды атаулы датамен құттықтай отырып, резолюция оқып берді.
Әдетте ол резолюцияны дауыс ұлғайтқышпен оқитын. Алайда, бұл жолы өз даусымен шабыттана оқыды.
«Біз 1991 жылдың 17 наурызынан алыстаған сайын, КСРО-ны сақтау туралы кеңес халқының таңдауы дұрыстығына көзіміз жетеді. Социализм бізге дұрыс өмір сүріп, дұрыс қартаюға, тіпті, дұрыс көз жұмуға мүмкіндік беретін. Алайда, капитализм бәрін керісінше қылды. Бұрын адам ауруханада көз жұмса, енді оны үйінде көз жұму үшін қайтарып жіберетін болды. Кеңес одағының территориалдық тұтастығын қайтарылсын!», – деді ол.
Алайда, жергілікті тұрғындар Александр Бондаренконың үндеуіне құлақ асқан жоқ. Себебі, стадионда өткен жиынға ешкім де келмеді. Тек, жолда кетіп бара жатқан автобустар қызыл ту ұстаған кішігірім топқа назар аударды.
Ал әкімшілік қызметкері митингке қатысушыларды қатаң бақылап, барлығын видеокамераға түсіріп алған.