$100 мың көлемінде пара алуға тырысқаны үшін жалпы режимдегі колонияға 7 жылға сотталған «Локомотив» АҚ бұрынғы атқарушы директоры Ерғали Қалаубаев өз кінәсін мойындады.
![]() |
Ерғали Қалаубаев
|
Ол Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотының аппеляциялық коллегиясынан оған $7 млн көлемінде айыппұл салуын өтінді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Өз қателігімді түсіндім, өкінемін. Пара алуға әрекет жасаған кінәмді мойындаймын», – деді Қалаубаев сейсенбідегі сот отырсында.
Жаңа қылмыстық заңнамаға сәйкес ол соттан оған параның жеті есе сомасы көлемінде, яғни $7 млн көлемінде айыппұл салуын сұрады.
«Тумаларым бар, достарым бар. Мынадай жағдайда олар маған көмектеседі деп үміттенемін», – деп мәлімдеді Қалаубаев айыппұл төлеу мүмкіндігі туралы судьяның қойған сұрағына.
Осы іс бойынша сот ісі 20 наурызда жалғасын табады.
Бұған дейін хабарланғандай, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 3 ақпандағы үкімімен Ерғали Қалаубаев ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімі, 311 бабы 4 бөлімімен айыпты деп танылды. Оған жеке мүлкі тәркілене отырып, жалпы режимдегі түзету колониясына 7 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Сонымен қатар 45 жасар Ерғали Қалаубаев 7 жылға дейін мемлекеттік қызметпен байланысты лауазымдарды иелену құқығынан айырылған.