Өскеменде есірткі бизнесімен күрес бойынша оперативті қызметкерлер сабақ үстінде героин сатқан лицей оқушысын ұстады.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ұсталған кезде оқушыдан бірнеше пакет героин мен есірткі саудасынан түскен ақша табылды.
«Оның сөмкесінен 3 полимерлі орамда ортақ салмағы 9 грамм героин табылды. Пәтерін тінту барысында жеке заттарының арасынан героиннің тағы бір орамы тәркіленді», – деп мәлімдеді қаланың ІІБ аға тергеушісі Медет Ойкенов.
Жеткіншектен барлығы 17 грамм героин тәркіленді. Лицейдегілер оқушының бұзақылыққа жиі баратындығын айтып отыр. Ата-анасыз өскен жеткіншек сабақтан жиі қашып кетеді екен.
Тергеушілер оқушының өзі героин пайдаланбаса да, өзге оқушылар арасында таратудан алдына жан салмайтынын айтты.
Сот жас есірткі сатушыны 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Кәмелетке толғанға дейін жеткіншек жазасын жасөспірімдерге арналған түзету мекемесінде өтейтін болады.