Кіші Монро Головкинмен өткізетін жекпе-жегінде әлемді таңқалдыруға сөз берді

0
434
4
Американдық боксшы мен қазақстандық былғары қолғап шебері арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Лос-Анджелесте өтеді. Орта салмақтағы Boxcino-2014 турнирінің жеңімпазы 28 жастағы америкалық кіші Вилли Монро дивизиондағы үздік боксшы, WBA (Super) IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді еңсере алатындығына сенімді, деп жазады Vesti.kz cайты. «16 мамырда күллі әлемді аузыма қаратамын. Менің ойымша, бұл керемет жекпе-жек болмақ. Иә, біздің шаршы алаңдағы стиліміз әртүрлі, алайда бұл біздің нағыз шоу жасауымызға тек септігін ғана тигізеді. Кімнің стилі қайсымызды жеңіске жетелейтінін көре жатармыз. Геннадий Головкинге менімен жұдырықтасуға келіскені үшін алғысымды айтамын. Ол үшін бұл өте қауіпті қадам, себебі халықтың көбі маған тиісті құрмет көрсетіп жатқан жоқ және олар менің кім екенімді әлі білмейді. Алайда 16 мамыр күні бәрі өзгереді», – дейді кіші Монро. Дайындаған: Жақтай Ә.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/54456-a-s-z-berdi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз