Эге теңізінде келімсектер мінген кеме апатқа ұшырады

0
104
Эге теңізі арқылы Грекия аралдарына бағыт алған 47 сириялық келімсек мінген кеме Түркияның Бодрум ауданына жақын маңда апатқа ұшырады. Абырой болғанда, оқиға болған аумаққа әскери теңіз күштерінің құтқарушылары дер кезінде жетіп, адамдарды суға батып бара жатқан жерінен аман алып қалды. Олардың арасында 3 әйел баласымен болған. Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған келімсектердің барлығы медициналық тексеруден өткен соң жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жалпы алғанда өткен жылы Эге теңізінде 15 мың заңсыз мигрант ұсталған, деп хабарлайды арнамыздың Түркиядағы тілшісі Ержан Жүніс.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/54556-apat-a-shyrady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз