
Желіде жарияланған петиция қала тұрғындарын Алматы әкімі Ахметжан Есімовті жұмыстан шығару үшін өз қолдарын қоюға үндейді.
Үндеу авторларының жазуынша, қала әкімі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудің орнына жекешелендіру мен имидждік жобалармен айналысуда.
«Ел экономикасының күрделі жағдайына байланысты барлық маңызы жоқ жобалар мен құрылыстарды тоқтату туралы бұйрыққа қарамастан, Ахметжан Есімов олардың санын үсті-үстіне көбейтуде. Қаражат тиімсіз жұмсалынып, қаладағы қиындықтар шешімін таппауда», — делінген петицияда.
Авторлар бірінші кезекте келесі мәселелер қолға алыну тиіс деп есептейді: транспорт, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері.
Петиция жолдаушылар қала үшін маңызды болып табылатын жобаларды тізбектеді: қолжетімді тұрғын үй құрылысы, мектептер, балабақша мен паркингтер салу, жол сапасын көтеру, жеке секторларды газдандыру, т.б.
Петицияны жазғандар елдің ірі мегаполистерінің бірі құлдырау үстінде деп шағымдануда.
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолданған петицияға 18 наурыз күні 2500-нан астам адам қол қойды.
Заңгерлер петицияның заңды күшке ие емес екендігін айтты.
По сообщению сайта Nur.kz