Израильде кезектен тыс өткен парламенттік сайлау аяқталды. Дауыс беруге халықтың 70%-дан астамы қатысқан. Әзірге сайлаудың нақты қорытындысы белгісіз. Алайда Орталық сайлау комитеті бюллетендердің 70%-ын санап, премьер-министр Биньямин Нетаньяху бастаған биліктегі «Ликуд» партиясының 23,73% дауыс жинап, алда келе жатқанын жеткізді. Ал оның басты қарсыласы Ицхак Герцогтың «Сионистік лагерь» партиясы 19,06% дауысқа ие болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сайлауға шамамен 5,9 миллион адам қатысып, 1999 жылдан бері рекордтық көрсеткішке жеткен.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/54603-belgili-boldy