Стивен Силва Царнаевқа Бостон жарылысының алдында тапаншасын бергені анықталды

0
373
1.4
Ruger маркалы қаруды Джохар Царнаевқа досы Бостон оқиғаларына дейін 2 ай бұрын берген екен. Сол кезден бері кіші Царнаев оған тапаншаны кері қайтармай, түрлі сылтау айтқан. Артынша ағайынды Царнаевтардың Массачусетс полицейлерінен қашқан кезде осы қарумен тәртіп сақшысын атып өлтіргендері марафондағы жарылысты тергеу барысында анықталды.
1.44
Қазіргі уақытта Стивен Силва осы атышулы қылмыстық істе Царнаевқа қарсы куәгерлік түсініктемелер беруде. Тергеу барысында «қару мен есірткі сақтады» деп айыпталған ол айыптаушы тараппен келісімге барған. Осы арқылы Силва өзіне кесілетін жаза мерзімінің 5 жылдан артық болмайтынына үміт артуда. Cbsnews.com сайтынан аударған: Г.Абилова

Источник: www.24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз