Палестиналық тотықұстар кофе дегенде ішкен асын жерге қояды

0
230


Палестинаның Газа қаласында зоодүкен қожайыны тотықұстарға кофе ішкізіп үйретіп, уақыт өте келе, бұл тотықұстар кофеинге тәуелді болып қалған, деп хабарлайды Bnews.kz.Дүкен иесі 4 жастағы какаду Рико мен оның екі жастағы жолдасы Кокоға соңғы үш айдан бері күн сайын 3 шыныаяқ кофе беруді әдетіне айналдырған, оқта-текте шай беріп отырған.

Тотықұстардың кофені ұнатқаны соншалық, сусынды ішкенде дауыстап әнге басатынды шығарған. Уақыт өте келе, Рико мен Коконың кофеинге тәуелділігі байқалады.

Адамдар кофе ішіп отырғанда оларға шабуыл жасап, қолындағы кофе құйылған кесені тартып алуға дейін барады. Әншейінде ешкім бас сұқпайтын дүкенге жергілікті тұрғындар тотықұстарды көру үшін келе бастаған.

Кофеин құстар үшін өте улы сусын болып саналады. Сондықтан ветеринарлар құстарды кокеин сүт, шоколад, алкоголь және тұз қосылған тамақтармен және сусындармен қоректендірмеуге кеңес береді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз