Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында аграрлық сектордың қаржы жағдайын сауықтыру бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан шаралар мен соңы көрсеткіштер баяндалды. Мемлекет 2013-2014 жылдары 292 кәсіпорынның шаруашылық әлеуетін арттыру мақсатында 313 млрд теңгедей қаражат бөлген. Жалпы сауықтыруға 17 қаржылық институт қатысуда. «ҚазАгро» холдингі жылдық қарыз сомасын 3%-ға дейінгі көлемде белгілеп отыр. Орнатылған қаражаттың 7%-ын мемлекет субсидияламақ әрі несиені қайтару мерзімі 9 жылға ұзартылып, айыппұл мен өсімақы алынып тасталады. Осылайша сыйақы көлемін екі есеге төмендету арқылы мемлекет 25 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап қалуды көздеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөндірістік кешен субъектілерін сауықтыратын берешек сомасын 500 млрд теңгеге дейін ұзартуды тапсырған. Қазір министрлік өкілдері ресейлік әріптестерімен сауда-саттық теңгерімін тұрақтандыру бағытында келіссөздер жүргізуде. Себебі шеттен жеткізілетін сапасы мен құны төмен өнімдер отандық кәсіпкерлерге әділетсіз бәсеке тудырып отыр. Әзірге сауықтырылғандардың басым көпшілігін егіншілер құрап отыр Ермек Көшербаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі: – Сауықтыруға ең көп астық егуші аймақтардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері қатысуда. Сауықтыруға жататын қарыздардың негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына тиесілі. Ол 86,4%-ды құрайды. Оcы мемлекеттік қолдауды алу үшін «ҚазАгро» холдингіне баруыңызды сұраймыз.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/54611-zder-zh-rgizude